04:39 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Twitter

Кейкі батырдың оралуы: қазнет не дейді

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қейкі батырдың сүйегі Қазақстанда (6)
13 0 0

Әлеуметтік желі қолданушылары Кейкі батыр сүйегінің Қзаақстанға қайтарылуы туралы жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik.  Астанаға Ресей музейінде сақтаулы жатқан Кейкі батырдың сүйегі жеткізілгендігі туралы жаңалыққа қатысты, ұлы қолбасшының оралуы мәселесі тез арада шешілгендігін айтып оқырмандар оң пікірлерін білдіруде.  

Қолданушылардың бірінің пікірінше, "бұл істі Кәрім Мәсімов қолға алғаны жақсы болды, соның арқасында мәселе тез шешімін тапты". Сондай-ақ қазақстандықтар айтқан сөзінде тұрып, сүйекті қайтарғандары үшін Ресей еліне де алғыс білдіруде. Олардың ойынша, бұл оқиға Ресей елінің  Қазақстанмен ынтымақтастықты қолдайтындарын білдіреді.  "Ресейдің билік өкілдеріне рахмет!" – делінген мақалаларға жазылған пікірлерде. 

Адамның қайтыс болғаннан кейін туған елінде жерленуі өте маңызды екені де айтылды.

"Өз елінде туған-туыстарының қасында жаны жәннатта болсын", — деп жазыпты Бәтима. "Қалай болғанда да, батырдың сүйегі туған елінде жерленуі тиіс", — депті ғаламтор қолданушысы Дарио. 

Тамыз айында Сочидегі кездесу барысында сол кезде премьер-министр қызметін атқарған Кәрім Мәсімов ресейлік әріптесіне өтініш білдіріп, Кейкі батыр мен Кенесары хандардың сүйегін қайтаруды сұраған болатын. Медведев өз кезегінде бұл мәселе бойынша көмектесуге уәде берген еді.

6 қазан бейсенбі күні таңертең Кейкі батырдың бас сүйегі Астанаға жеткізлді.


Тақырып:
Қейкі батырдың сүйегі Қазақстанда (6)

Басты тақырыптар