Қоғам

Аршавин бәсте жеңілген журналистің шашын тақырлап алып тастады

© Sputnik / Анатолий УстиненкоАршавин бәсте ұтылған Воликовтың шашын алып жатқан сәті
Аршавин бәсте ұтылған Воликовтың шашын алып жатқан сәті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин бейсенбіде ағымдағы маусым басталар алдына командаға келген ресейлік футболшының жақсы ойын көрсететіндігіне күмән келтірген қазақстандық журналист Петр Воликовтың шашын тақырлап алып тастады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі.

АСТАНА, 6 қаз — Sputnik. "Қайрат" клубының жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин бейсенбіде ағымдағы маусым басталар алдына командаға келген ресейлік футболшының жақсы ойын көрсететіндігіне күмән келтірген қазақстандық журналист Петр Воликовтың шашын тақырлап алып тастады, деп хабарлайды Sputnik тілшісі. 

Маусым басталар алдында Воликов егер Аршавин "Қайрат" сапында сегіз гол салса онда ол шашын тақырлап алдырып тастаймын мәлімдеген.

Журналистермен тілдескен Аршавин, шашты алғаш рет алғандғын мойындаған.

"Шаш алатын машинаны ұстағанмын, бірақ онымен алғаш рет жұмыс стедім", — деді футболшы.  

25 қыркүйекте өткен Қазақстан чемпионатының 28-ші турында Аршавин біріншіліктегі 8-ші голын салды. Осы оқиғадан кейін футболшының журналистке жолдаған видеосәлемі "Қайраттың"  YouTube-тегі арнасында пайда болды. Онда спортшы бәсте ұтылған журналистің шашын алу үшін оған кездесу орны мен уақытын белгілеуді ұсынды.

Сырттай бәстесушілердің кездесуі сауда орталығында болды. Андрей Аршавин жиналғандардың қошеметімен электр машинасымен Воликовтың шашын алды. Одан кейін футболдың қолтаңба бері сессиясы өтті. 


Жаңалықтар
0