Қоғам

Ресей президентінің алып портреті Нью-Йорктегі көпірге ілінді

© REUTERS / Brendan McDermidВладимир Путиннің Нью-Йорктегі көпірге ілінген портреті
Владимир Путиннің Нью-Йорктегі көпірге ілінген портреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ресей президенті суретінің астында "бітімгер" деп жазылған. Баннерді белгісіз біреулер бейсенбі күні күндіз іліпті.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Жұма күні туған күнін тойлап жатқан Ресей президенті Владимир Путиннің суреті шығарылған алып баннер Нью-Йорктегі көпірге ілінді деп хабарлайды РИА Новости CBS америкалық теле арнасының сілтемесімен.

Владимир Путин - Sputnik Қазақстан
Владимир Путин 64 жасын жақындары мен достарының қасында атап өтеді

Портрет бейсенбі күні Манхэттен көпірінде пайда болды. Ресей көшбасшысының суреті бар, "бітімгер" деп жазылған, өлшемі алты да тоғыз метрлік транспарант жергілікті уақыт бойынша 14:30-да (Астана уақыты бойынша 7 қазан 00:30) ілінген.

7 қазан жұма күні Владимир Путин 64 жасқа толады.

Қаладағы билік өкілдері көп ұзамай портретті алып тастады. Баннерді кім ілгенін анықтау үшін, полиция видео бақылау дерегін қарастыруда.    

Жаңалықтар
0