03:40 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров

Рамзан Қадыров "Алтын Жүрек" сыйлығының номинанттар тізіміне енген жоқ

© Sputnik / Саид Царнаев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

"Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі үшін" номинациясына өзге ел азаматтары да қатыса алады.

Астана, 7 қаз – Sputnik. Бүлдіршін қыздың ем алуына көмектескені үшін "Алтын жүрек" сыйлығына ұсынылған Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров номинанттардың қорытынды тізіміне енген жоқ деп хабарлайды шара ұйымдастырушылары.

Бұл сыйлықпен жыл сайын қайырымдылық жасағандар марапатталады. Номинациялардың біріне – "Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі үшін" – өзге ел азаматтары да қатыса алады. 

Қадыровты бұл сыйлыққа ұсынған Екібастұз қаласында тұратын кішкентай Элифтің анасы Айнұр Нұржанова болатын. Шешенстан басшысы Түркияда омыртқа жарығын емдету үшін 10,5 мың доллар қаражат бөліп, Элифке жасалған операция ақысын төлеген еді.

Баспасөз релизге сүйенсек,"Қазақстанды дамытуға қосқан үлесі үшін" сыйлығының номинанттары тізіміне Семейде хоспис салып берген, Қазақстандағы мүгедек балардың шетелде ем алуына көмектесіп жүрген Ирландия қайырымдылық қорының мүшесі Фиона Коркан енген. Сонымен қатар, Ақорда мәліметінше, Қазақстандағы БАЭ елшісі болған Сухейль Матар Аль-Кетби сыйлық номинанты атанды. 

Қазақстандық номинанттардың арасында 10 миллион теңгені құрайтын ақшалай сыйлығын толығымен мүгедек балаларды емдеуге берген Рио Олимпиадасының алтын жүлдегері, боксшы Данияр Елеусінов бар.

Сыйлық лауреаттары 27 қазан күні Алматыда өтетін марапаттау салтанатында белгілі болады. 


Басты тақырыптар