04:31 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Намаз.

Дін мен балалық шақ: қазақстандық балаларынан намаз оқуды талап еткен

© Sputnik / Константин Чалабов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
49 0 0

Атырау облысында әке өзінің кішкентай балаларынан намаз оқуын талап етіп, оларға жаңа жыл мен туған күнді тойлауға тыйым салған.

АСТАНА, 7 қаз — Sputnik. Атырау облысында әке өзінің кішкентай балаларынан намаз оқуын талап етіп, оларға жаңа жыл мен туған күнді тойлауға тыйым салған.  

 Бұл туралы әкесінің, бұрынғы әйелі балаларымен кездеуге рұқсат бермейді деп, сотқа шағым түсіргеннен кейін белгі болды.  

Сотта ерлі-зайыптылардың ажырасқандығы және олардың екі баласы бар екендігі анықталды. «Жауапкер өз кезегінде балаларының әкесімен діни ұстанымы үшін ажырасқанын, жолдасы жұмыс жасауына қарсы болып, балаларына жаңа жыл, туылған күн мерекелерін тойлатпай, қызына хиджаб кигізіп, оларға намаз оқуға үйрету ниеті бар екенін, сонымен қатар, үйінде екінші жұбайы жүргендіктен, балалары кішкентай жас шамасында, оны түсінбейтіндігін, сондықтан балаларын қонуға жібере алмайтынын айтып көрсетті», — делінген хабарламада.

Төрағалық етуші судья Жұмабаев іс бойынша әке-шеше, ата-әженің тәрбие мен қамқорлықты бірге жүзеге асыру мүмкіндіктерін қарастырып, туындаған дауды баланың заңды мүдделеріне кесел келмейтіндей етіп, өзара бітімгершілікке келу мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарының нәтижесінде дауласушы тараптар азаматтық істі медиациялық келісіммен аяқтады. 

Нәтижесінде, әкесі мен ата-әжесі балаларын сенбі, жексенбі күндері сағат 09.00-18.00 аралығында үйіне алатын болып, өз кезегінде әкесі балаларын намаз оқуға үйретпей, екі балаға төлеп келген алимент мөлшерін  көбейтті.


Басты тақырыптар