Қоғам

Астаналық "калькулятор" бала: ресейлік шоуда бәрін таң қалдырғым келді

© Sputnik / Болат ШайхиновІлияс Тохтархан
Ілияс Тохтархан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Он жасар Ілияс Тоқтархан ресейлік "Удивительные люди" бағдарламасының әділ қазыларын ерекше жылдамдықпен күрделі математикалық есеп шығару қабілетімен қайран қалдырды.

АСТАНА, 8 қаз – Sputnik. Он жасар Ілияс Тоқтархан ресейлік "Удивительные люди" (Ғажап адамдар) бағдарламасының әділ қазыларын ерекше жылдамдықпен күрделі математикалық есеп шығару қабілетімен қайран қалдырды. Sputnik тілшісімен сұхбаттасқан ол, өзінің армандары мен қабілетінің күнделікті өмірге тигізетін пайдасын айтып берді. 

Ілияс Астана қаласындағы Орталық экономикалық мектептің төртінші сыныбында оқиды. Бала – оқу озаты, бәрінен бұрын ол математиканы жақсы көреді. Ол ментальдық арифметика орталығының алғашқы түлектерінің бірі болып табылады.

"Ата-анам мен бала бақшаға барып жүрген кезімде, алты жасымда ментальдық арифметика орталығына берді. Тоғыз жасымда толық курсты бітіріп шықтым", — деді ол Sputnik тілшісіне. 

© Sputnik / Болат ШайхиновИльяс Тохтархан
Ильяс Тохтархан - Sputnik Қазақстан
Ильяс Тохтархан

"Удивительные люди" шоуы туралы әкемнен білдім.  Ғаламтор арқылы олардың сұрақтарына жауап және бейне ролик жібердім.Ұйымдастырушылар көріп, мені ұнатқан. Қабілетімді көрсетіп, барлығын таң қалдырғым келді", — деп қосты ол. 

Ілияс көрермендердің дауыс беру қорытындылары бойынша финалға өте алмады, бірақ жеңіске деген сенімі зор. Конкурстың ережелеріне сәйкес, әділ қазылар екі фаворитті таңдап, олардың финалға қатысуына мүмкіндік бере алады. Шоу жеңімпазы бір миллион рубль мен кубок алады.

"Егер ол ақшаны ала алсам, оны шопингке жұмсаймын. Жалпы болашақта екі қабатты коттедж, егіз балалар, Ferrarі көлігі мен күшік туралы армандаймын", — деп жалғастырды ол.

© Sputnik / Болат ШайхиновІлияс Тохтарханның жүлделері
Ілияс Тохтарханның жүлделері  - Sputnik Қазақстан
Ілияс Тохтарханның жүлделері
 


Жаңалықтар
0