Қоғам

Алматы зоопаркінде ішкі тергеу қызметі құрылады

© Sputnik / Валерий Шустов / Медиабанкке өтуЗоопарктегі керік
Зоопарктегі керік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір ай ішінде зоопаркте қосымша 120 бақылау камерасы орнатылып, соның арқасында бүкіл зоопарк аумағын бақылауда ұстауға мүмкіндік туады.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Себебі әлі анықталмаған керік өлімінен кейін Алматы зоопаркінде ішкі тергеу қызметі құрылады, онда тәжірибесі мол, зейнетке шыққан зоопарк қызметкерлері істейтін болады деп хабарлады зоопарктің баспасөз хатшысы Тоқтар Әлиев Sputnik агенттігіне.

Керік - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы хайуанаттар бағында жас керік улаған болуы мүмкін

5 қазан күні зоопракте Мелман атты екі жасар керік аяқ асты көз жұмған болатын. Зоопрактің баспасөз қызметі берген мәлімет бойынша, керік құлап қалып, тіршілік белгілерін білдірмей қойған. Қажетті био материалдар сараптамаға жолданды, алдағы 10 жұмыс күні ішінде керіктің өлу себебі анықталуы тиіс. Алдан ала болжам бойынша жануар уланған болуы мүмкін. 

"Бір ай ішінде зоопарктің зейнетке шыққан бұрынғы қызметкерлерінен ішкі тергеу қызметі құрылады. Мұндай шешім керікпен болған жағдайдан кейін қабылданды", — деді баспасөз хатшысы.

Сондай-ақ, бір ай ішінде зоопаркте қосымша 120 бақылау камерасы орнатылатынын айтып, соның арқасында бүкіл зоопарк аумағын бақылауда ұстауға мүмкіндік туатынын хабарлады.

"Тәжірибе көрсеткендей, камера жұмыс істемеген тұстарда ғана дәл осындай жайттар орын алған", — дейді Тоқтар Әлиев.


Жаңалықтар
0