Қоғам

Ерекше қазақстандықтар байқауының кастингі аяқталды: финалға ханымдар шықты

© Photo : аккаунт Дакен Туребековой в соцсети "ВКонтакте""Ұлы Дала Ханшайымы" бақауының бас бапкері
Ұлы Дала Ханшайымы бақауының бас бапкері - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қозғалысы шектеулі қыз-келіншектерге арналған алғашқы ұлттық сұлулық пен дарын конкурсы "Ұлы Дала Ханшайымы" байқауына қатысу үшін он қыз іріктелді.

Астана, 10 қаз – Sputnik. Қозғалысы шектеулі қыз-келіншектерге арналған алғашқы ұлттық сұлулық пен дарын конкурсы "Ұлы Дала Ханшайымы" байқауына қатысу үшін он қыз іріктелді.

"Кастинг аяқталып, он қатысушы іріктеді. Финалға сегіз қыз шығады. Дайындалу барысында қарайтын боламыз: қатысушылар сәйкес келуі тиіс белгілі бір шектер бар – бұл визажистермен, стилистермен, психологтармен жұмыс. Әйелдердің қаншалықты өзгеріп, өздерімен жұмыс істеуге дайын екендіктерін қарайтын боламыз", — деді "Жас Дарын" спорттық би клубының директоры Дәкен Төребекова.

Қозғалысы шектеулі қыз-келіншектерге арналған сұлулық байқауы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
"Ұлы Дала Ханшайымы" байқауының финалында керемет шоу болады

Байқауға қатысуға ниет білдірген қыз-келіншектер күрделі іріктеуден өтті. Дәстүрлі сұхбаттасудан бөлек, компьютерлік тест және психологпен әңгімелесу болды.

"Барлық қыз-келіншектер өте тартымды. Олар біздің патшайымдарымызға айналып үлгерді. Оларың әр қайсысымен оларды финалға дайындайтын бөлек команда жұмыс істейтін болады", — деді Төребекова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, байқауға қатысу үшін 28 жастан 48 жасқа дейінгі 17 қыз-келіншек өтініш білдірді. Олар Алматы, Қапшағай, Көкшетау, Қостанай, Шымкент, Тараз қалаларының тұрғындары. "Олардың көпшілігі өмірден өз орнын тапқан аналар мен еңсесіз түсірмеген қыздар", — деді агенттікпен әңгімелесуші.

Байқау төрт кезеңдерден тұрады: сәлемдесу, "титандар шайқасы", спорттық үлгіде сахнаға шығу – қатысушылар дефилесі, ең соңғы кезең – кешкі көйлектермен шығу.

Финалға қатысушылар түрлі сый-сияпаттармен марапатталмақ. Байқау көрермендері арасында сыйлықтар ойнату да жоспарланып отыр. Ұйымдастырушылардың болжамы бойынша, байқауға ең кемі 1,5 мың көрермен келеді. Байқаудың финалы Алматы қаласында 12 қарашада өтеді.

Жаңалықтар
0