Қоғам

Төле де сөйлесе бер: Facebook жаңа Workplace сервисін іске қосты

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өту"Фейсбук" әлеуметтік желісі
Фейсбук әлеуметтік желісі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа сервисті пайдалану ақылы болмақ. Бағасы белсенді пайдаланушылардың санына қарай, айына 1 АҚШ доллардан 3 долларға дейін болады

АСТАНА, 11 қаз — Sputnik. Facebook компаниясы корпоративті тілдесуге арналған Workplace атты мессенджерді іске қосқандығын жариялайды, деп хабарланады компанияның баспасөз баянында.

"Бүгін, енді Workplace сервисін пайдаланғысы келген кез келген компания немесе мекеме үшін оның қолжетімді болғандығын жариялаймыз", — делінген хабарламада.

Facebook атап өткендей, жаңа сервисті тестілеу бір жылдам астам уақыт бойы жүргізілген. Қазіргі уақытта оны бүкіл әлем бойынша мыңнан астам компания пайдаланады. Бұл қосымша Үндістан, АҚШ, Норвегия, Ұлыбритания және Францияда кең таралған.

Жаңа сервисті пайдалану ақылы болмақ. Бағасы белсенді пайдаланушылардың санына қарай, айына 1 АҚШ доллардан 3 долларға дейін болады. Бұл ретте компания үш ай мерзімге сервиспен танысу үшін тегін қызмет ұсынады.

Жаңалықтар
0