04:36 25 Шілде 2017
Тікелей эфир
Павлодар облысында мүгедек адам тырнаға қиянат жасаған

Қалжың немесе вандализм: өлген құспен суретке түскен Ақсу тұрғыны әлеуметтік желіні шулатты

© Foto: соцсеть Instagram в группе vpavlodare
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
26 0 0

Павлодар облысының жұртын шулатып жүрген Ақсу қаласы тұрғыны Павел Бернгард суреттегі шын құс емес дейді.

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik.  Құсты азаптағаны түсірілген суреттер Instagram әлеуметтік желісіндегі vpavlodare тобында жарияланған. Суреттерде мүгедектер арбасында отырған ер адам бір қолымен тырнаның мойнынан қысып, екінші қолымен қанатынан ұстап тұрады, содан соң қанаттарымен арқасына іледі. Ал, үшінші суретте – өлген құстың басымен "безендірілген" көліктің капоты. Суретте автокөліктің нөмірі анық көрініп тұр.

Бұл сұмдық суреттер әлеуметтік желіде үлкен дау туғызды. Жұрт ол адамды "қатыгез", "қиянатшыл" деп айыптап, істеген ісі үшін жауапқа тартылуын сұрады.  Құспен түскен суреттерімен Павлодар облысының жұртын шулатып жүрген Ақсу қаласы тұрғынының есімі Павел Бернгард. Ол суреттегі шын құс емес әрі жолдасы екеуі балыққа барғанда кездескен аңшыларға тиесілі дейді. 

Павел тірі құсқа ондай қиянат жасамайтынын айтып ақталып отыр. Ол үйіне екі полиция қызметкері келіп, пәтерін тінткенін айтып берді.  Мылтық пен өлтірілген құстың қауырсынын іздеген олар ештеңе таба алмаған екен.

Павлодар облысының орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік ұйымының қызметкерлері осы іске қатысты жеке тергеуін жүргізген болатын. Олардың айтуынша, суреттер Ертіс алқабында түсіріліпті. Ал, ол жерде аңшылық жасауға мүлдем тыйым салынған.

"Біз оны таптық, бұл Ақсу қаласының тұрғыны, 1981 жылы туылған, бұрын алаяқтығы үшін сотталаған. Өзі мүгедек адам. Біз деректерді полицияға жібердік. Оған дейін үйіне барып түсініктеме алайық дегенбіз, бірақ есігі жабық болды, ешкім ашпады. Полицияға барғаннан кейін, тағы да соқтық. Түс кезінде үйде біреу болатын шығар деп ойлағанбыз. Бірақ тағы да ешкім ашпады. Полиция арызымызды қабылдап, ҚР ҚК 316-шы бап бойынша (Бұзақылық ниетте жануарларды қинау және оларды өлтіру немесе зақым келтіру) оны жауапқа тартпақ", — деді Павлодар облысының орман және жануарлар әлемін қорғау мемлекеттік ұйымының жетекшісі Аждар Жүсіпов  Sputnik агенттігі тілшісіне.


Басты тақырыптар