08:31 21 Шілде 2017
Тікелей эфир
Астанада алғашқы қар жауды

Астанада қар жауды: "кім "аяқ киімін" ауыстырса, сол қорқақ"

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Синоптиктердің мәлімдеуінше, қазан ортасында қар жаууы табиғи аномалия емес, қалыпты жағдай.

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik.  Астанада сейсенбі күні таңертең жауған қар туралы әлеуметтік желі қолданушылары дәстүрге сай әзілдер жаза бастады.

Мәселен, Facebook пайдаланушысы Асқар Жалдинов өз парақшасында ауа райына байланысты жаздық дөңгелектерін айырбастап үлгерген елордалық жүргізушілерді әжуалап "Кім "аяқ киімін" ауыстырса, сол қорқақ" деп жазыпты.

"Бұл "әйелдер жазы" емес пе)))) әйелдер қандай болса, жаз да сондай", — деген пікір айтыпты әлеуметтік желі пайдаланушысы Алексей Коштура қар жамылған Астана суретін көріп.

"Қазгидромет" баспасөз қызметі Sputnik агенттігіне хабарлауынша, қазан ортасында қар жаууы табиғи аномалия емес, қалыпты жағдай. Алдағы үш күнде ауа райына Қазақстан территориясы арқылы өтіп бара жатқан атмосфералық фронттар әсер етеді. Сол себепті көптеген облыстарда жауын-шашын, қар аралас жаңбыр жауып, кей жерлерде тұман, көктайғақ болуы мүмкін.

Ал, елордалық полиция қызметкерлері жол апатының көбейгендігін хабарлаған жоқ. Ауа райының бұзылғанына қарамастан, қала жолдарында нығайту шаралары да жүргізілмеген.

Полиция қызметкерлері жүргізушілердің ауа райына байланысты өте мұқият болып, жол жүру ережелерін бұзбауларын сұрайды.

Жаяу жүргіншілердің де сақ болғандары жөн. Полиция белгіленген жерлерде ғана жолдан өту керектігін ескертеді.


Басты тақырыптар