Қоғам

Астанада Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының күндері өтеді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуХан Шатыр
Хан Шатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Демалыс күндері Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "Қуатты өңір – қуатты Қазақстан" акциясы аясында кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді

АСТАНА, 11 қаз – Sputnik. Демалыс күндері Астанада ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Қуатты өңір – қуатты Қазақстан» акциясы аясында кезекті ауыл шаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарланады Елорданың ресми сайтында. Елордалықтар Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының түрлі мәдени шараларын тамашалайды.

15-16 қазанда қалалық алаңда Қостанай облысының ауыл шаруашылық тауар өндірушілері өз өнімдерін ұсынады. Шараға өңірдің 14 ауданы мен 3 қаласынан 74 кәсіпорын қатысады. Жалпы көлемі 360 тонна өнімнің 100 астам түрі сатылады.
Ал "Хан шатыр" сауда ойын-сауық орталығының жанында Оңтүстік Қазақстан облысының жәрмеңкесі өтеді.

"Қуатты өңір – қуатты Қазақстан" шарасы аясында ОҚО делегациясы астаналықтарды өңірдің тарихымен, мәдениетімен және негізгі жетістіктерімен таныстырады. 15 қазанда сағат 11.00 ҚР Ұлттық музейінде "Шырайлы Оңтүстіктің шежіресі" атты көрме ашылады. Сондай-ақ, сағат 15.00 ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында "Ұлысымның ұйытқысы – Оңтүстік" атты кітап көрмесі мен ақын-жазушылар кездесуі өтеді. Мұнымен қоса, 15-16 қазанда сағат 11-ден 17-ге дейін Оқушылар сарайында "Балаларға – базарлық", "Толағай", "Қазақстан барысы", "Қазақстан бренді", "Қошқар ата мен теке", "Момын және қарақшылар", "Мұңлық – Зарлық", "Нәурізек" анимациялық фильмдері көрсетіледі. 15 қазанда сағат 18-де "Жастар" театрында Ж. Шанин атындағы облыстық қазақ драма театрының әртістері С.Досановтың "Тозақ шеңбері" атты спектаклін көпшілік назарына ұсынады.

16 қазанда сағат 12.00 Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық әлеуметтік мекеме және Балалар психоневрологиялық медициналық әлеуметтік мекеме ғимараттарында "Жүректен жүрекке" қайырымдылық акциясы өтеді.
Осы күні Астанада этномәдени бірлестіктердің қатысуымен "Ет асу" фестивалі мен композитор Ш.Қалдаяқовқа арналған ескерткіш орнатуға байланысты белгі қою салтанаты ұйымдастырылады.

Шаралар легі Конгресс-холлда сағат 18.00 "Ән шашуым өзіңе, мерейлі Астанам!" гала-концертімен және «Нұрын шашқан — Оңтүстік» фотокөрмесімен аяқталады.

Жаңалықтар
0