Қоғам

"Алматылық атқыш" пен сыбайластарының ісі сотқа берілді

© SputnikҚылмыстық іс
Қылмыстық іс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Терроризм үшін айыпталған Руслан Күлекбаев пен тағы да бес адам сотқа берілді.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Шілде айында Алматы қаласының полиция қызметкерлеріне жасалған қарулы шабуыл туралы қылмыстық іс бойынша сот алды тергеу жұмыстары аяқталды, терроризм үшін айыпталған Руслан Күлекбаев пен тағы да бес адам сотқа берілді деп хабарлады қала прокуратурасы.

18 шілдеде қарулы адам Алматы қаласында полиция қызметкерлеріне шабуылдаған. Нәтижесінде тоғыз адам қаза тапты. Арнайы операция жүргізу уақытында қалада терроризм қаупінің қызыл деңгейі белгіленген болатын. Шабуылдаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған Қызылорда облысының тумасы 26 жасар Руслан Күлекбаев. Қазақстан Республикасы президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық қауіпсіздік комитетінде хабарлағандай, ұсталған адам бұрын колонияда жаза мерзімін өткеріп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.

 "Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ведомствоаралық тергеу тобы арнайы прокурордың басшылығымен 2016 жылы 18 шілдеде Алматы қаласында болған террорлық акт фактына қатысты қылмыстық іс бойынша сот алды тергеу жұмыстарын аяқтады", — делінген қадағалау органының хабарламасында.

Тергеу тобы болған істің мән-жайын анықтау үшін 57 сот сараптамасын мен зертеуін жүргізіп, 200 куәгерден жауап алған. Күлекбаев террорлық акт жасап, сегіз құқық қорғау және арнайы органдар қызметкерін, екі бейбіт азаматты өлтіріп, сондай-ақ үш азамат өміріне қауіп төндіргені үшін айыпталады.

Күлекбаевпен қатар заңсыз қару ұстап, оқ ататын қару жасап, М. кәсіпкерге қарулы шабуыл жасауға қатысқандары үшін сотқа Лю Р., Сапарбеков Ж., Асембекұлы Д., Құсайынов Е., Әбдімомын Н. беріледі.


Жаңалықтар
0