Қоғам

Министр: Қазақстан салафизмге ешқандай тыйымсыз қарсы тұра алады

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуНамаз оқу
Намаз оқу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы Ерлан Ермекбаевтың Қазақстан халықының "салафизм" діни ағымына қарсы екендігіне сенімі мол.

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басшысы Ерлан Ермекбаевтың пікірінше, Қазақстан қоғамы "салафизм" діни ағымы идеологиясына заң жүзінде тыйым салмаса да қарсы тұра алады. 

"Министрлік басқа да мемлекеттік органдармен бірігіп бұл мәселені мұқият зерттеуде", — деп жауап берді Ермекбаев жұма күнгі баспасөз мәслихатында қойылған салафизмге тыйым салуға қатысты сұраққа. 

Қазақстанда тыйым салынған 23 террористтік және экстремисттік ұйымдардың ішінде салафиттік ұйым "Ат-такфир уаль-хиджра" да бар.

Қарулы жауынгерлер - Sputnik Қазақстан
Саясат
Терроризм үшін жаза: "жан-жақты" қаталдану

Министрдің айтуынша, еліміздегі заңдар бойынша "заңсыз уағыздауды, заңсыз діни жиналыстарды тоқтатып, радикалды діни әдебиеттің таралып кетпеуін қадағалауға болады". "Ең бастысы, осы заңдардың іс жүзінде орындалуын қамтамасыз ету", — деді ол.

"Салафизмге келер болсақ, кейбір елдерде шарғиатқа негізделген салафизмге жақын діни ағымдар кездесуі мүмкін. Бірақ Қазақстанда… отандық теологтар мен мамандардың пікірі бойынша біздің елімізде салафизмнің қауіпті деструктивті әлеуеті бар", — деді министр.

Оның ойынша, қазіргі таңда бұл діни идеологияға халық қарсылығы күшейді. "Қазақстан қоғамы радикализмге әкеп соғатын бұл жат діни ағымға қарсы. Сол себепті салафизмді ұстанушылардың саны төмендеп келеді әрі Қазақстанда олардың ұйымдасқан құрылымдары жоқ", — деп атап өтті министрлік басшысы. 


Жаңалықтар
0