Қоғам

Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы визасыз режим тоқтатылды

© Photo : департамент государственных доходов по Мангистауской области"Темир-баба" пункті
Темир-баба пункті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл Түркіменстанда тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойлануына байланысты.

АСТАНА, 23 қаз — Sputnik. Түркіменстанда Қазақстанның шекаралас аудандарының тұрғындарына көрші республикаға жеңіл қатынауға мүмкіндік беретін визасыз режим тоқтатылды деп хабарлады Қазақстанның Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік кіріс департаментінің баспасөз қызметі.

"Түркіменстанда тәуелсіздіктің 25 жылдығы тойлануына байланысты шекарадағы қауіпсіздік шаралары күшейтілген және 27 қазанға дейін елге шетелдік азаматтардың жеңіл түрде келуі тоқтатылды", — делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қазақ-түркімен шекарасында екі пункт жұмыс жасап тұр: автокөліктік "Темір-баба" және теміржолдық "Болашақ". 


Жаңалықтар
0