21:02 18 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Түрме

Айыпкер Күлекбаевты өлім жазасына кесуді сұрады

АP Photo/Vadim Ghirda, File
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
44 0 0

Бұрын екі рет сотталған Руслан Күлекбаев 2016 жылы 18 шілдеде Алматы қаласында жасалған теракт үшін айыпталды. Ол кезде сегіз құқық қорғау органдарының қызметкері және екі азамат қаза тапқан болатын.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik.  Мемлекеттік айыптаушы жақ соттан Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесуді өтінді деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан. 

18 шілде күні қаруланған ер адам Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Қылмыскерді ұстау арнайы операциясын жүргізу кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілген еді. Шабуыл жасаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.

"Күлекбаев Русланды өлім жазасына кесуді сұраймын" – деді прокурор.

2003 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасында өлім жазасына мораторийді енгізу туралы" қаулыға қол қойған болатын. Мораторий мерзімі шектелмесе де, қажет болған жағдайда өзгертілуі мүмкін. 

 

Тақырып:
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
Загрузка...

Басты тақырып