06:38 16 Маусым 2019
Тікелей эфир
  • USD384.05
  • EUR432.79
  • RUB5.96
Қоғам

Күлекбаев: "мен қандай жазаға болсын дайынмын"

Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
61 0 0

Айыпкер 18 шілдеде жасалған теракт үшін "алматылық атқыш" Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесуді сұрады.

АСТАНА, 27 қаз — Sputnik.  Шілде айында Алматыда 10 адамды өлтіргені үшін айыпталып отырған Руслан Күлекбаев кез келген жазаға дайын екендігін мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі сот залынан.

Бұдан бұрын пікірсайыс барысында прокурор соттан Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесуді өтінген болатын.

"Иншалла, мен қандай жазаға болсын дайынмын. Мені өмір бойы бас бостандығымнан айырсаңыздар да, өлім жазасына кессеңіздер де болады. Бірақ мен құқық қорғау органдары азаптаған мұсылман бауырларымның кегін қайтардым деп есептеймін", — деді Күлекбаев.

Сонымен қатар, ол қаза тапқандардың туған-туыстарына да бір ауыз сөз айтты.

"Мен сіздердің қайғыларыңызды түсінемін, өзімде сондайды басымнан кешіргенмін", — деді ол.

18 шілде күні қаруланған ер адам Алматыда полицейлерге шабуыл жасады. Бұл оқиғада 10 адам қаза тапты, оның ішінде әйел адам полицейлерге шабуыл жасар алдындағы түнде өлтірілген болатын. Қылмыскерді ұстау арнайы операциясын жүргізу кезінде қалада террорлық қауіптің қызыл деңгейі енгізілген еді. Шабуыл жасаған адам сол күні ұсталды. Ол бұрын екі рет сотталған 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Күлекбаев болып шықты. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев болған оқиғаны теракт деп атады. Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінде хабарлағандай, тұтқындалушы бұдан бұрын жазасын колонияда өтеп жүріп, салафиттермен байланысқа түскен.

Тақырып:
Алматыдағы терактіні тергеу (11)
Загрузка...

Басты тақырып