22:15 19 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.82
  • EUR428.67
  • RUB5.86
Теңге

Қазақстандықтар көбірек қайырымдылық жасай бастады

© Sputnik /
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
44 0 0

Орташа есеппен бір қазақстандық қайырымдылыққа жылына екі рет 2235 теңгеден береді. Ең жомарт жандар Алматы қаласында тұрады.

АСТАНА, 28 қаз — Sputnik.  Яндекс.Ақша зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстан азаматтары коммерциялық емес ұйымдарға төленетін ақшалай жәрдем көлемін сегіз есе көбейтті.

Ақшалай жәрдемдерді 500-ден астам коммерциялық ұйымдар қабылдайды. Олардың ішінде Дүниежүзілік жабайы табиғат қоры, Дүниежүзілік әлеуметтік даму қоры, Greenpeace, сонымен қатар "Подари жизнь", "Обнаженные сердца", "Милосердие", "Дети Земли", "Линия жизни" қорлары және т.б. бар.

Соңғы жылдары өзгелерге көмек қолын созғысы келген қазақстандықтардың саны жеті есе өсіпті. Олардың әрқайсысы орта есеппен жылына екі рет 2235 теңгеден қаражат бөледі.

Қазақстандық қолданушылардың ішінде ең жомарт жандар – Алматы, Астана, Қарағанды, Өскемен және Павлодар қалаларының тұрғындары. 

Зерттеу барысында 2015 жылғы қыркүйекпен 2016 жылғы қыркүйек аралығындағы және бір жыл бұрынғы дәл осы кезең бойынша ақша аударымдары қарастырылды. 

Загрузка...

Басты тақырып