Қоғам

Супер толған ай ма? Астрономдар қарапайым құбылысқа бола жұрттың даурыққанына таң

© Sputnik / Максим Блинов / Медиабанкке өтуАй
Ай - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл жолы толған ай Жерге ең жақын нүктеде болады.

АСТАНА, 12 қар – Sputnik.  Дүйсенбі 14 қараша күні әлеуметтік желілерде "ғасырдың ең үлкен супер толған айы" деп аталып кеткен аспан құбылысы орын алады, бірақ астрономдар бұл "таңғажайып жайтты"  қарапайым құбылыс деп санап, жұрттың сонша даурыққанына таң қалып отыр деп хабарлайды Sputnik Қазақстан агенттігі тілшісі.

"Ғаламторда қай-қайдағыны жаза береді – бұл құбылысты 300 жылда бір рет болады, жер тұрғындары кереметтей орасан зор Айды көреді дейді… Бірақ шын мәнісінде бәрі басқаша. Бұл аспан құбылысының соншалықты ештеңесі де жоқ, ол қарапайым, үнемі болып отыратын жайт. Жылына екі рет немесе одан да көп болуы мүмкін", — деді Солтүстік Қазақстан мемлекеттік универистетінің астрономия доценті Андрей Солодовик агенттікке берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Ай Жерді эллипстік орбита бойымен айналып жүреді, сол себепті орбитаның бір жерінде Жерден ең алыс қашықтықта болса (405  мың километр), қарама-қарсы жағында ең жақын қашықтықта болады (363 мың километр).

"Әр ай сайын бұл аспан денесі әр түрлі фазаларында Жерге барынша алыс немесе барынша жақын қашықтықта болады. Кейде әбден толысқан кезде Жерге ең жақын нүктесіне жетуі мүмкін, міне, осы жолы дәл сондай жағдай орын алайын деп тұр. Ал, астрономиядан хабары жоқ жандар мұны "супер толған ай" деп шатасады. Ай бұл түні әдеттегіден жарық әрі үлкендеу боп көрінеді", — деді агенттікке сұхбат беруші.

Астрономның айтуынша, Айға қарап қиялға шоматын жандар оның әдеттегі толған айдан айырмашылығын көзбен байқай алмайды. Алайда, бұл романтикаға жаны жақын қиялшылдарға аспанға телміре қарап, ғажайып сәтті бастан кешіруге кедергі келтіре қоймас. 

Жаңалықтар
0