Қоғам

Цукербергке берер жауабымыз: Астаналық оқушы жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты

© Photo : пресс-служба РА "Асыл бала"Жоба авторы 15 жасар Бэла Темиева
Жоба авторы 15 жасар Бэла Темиева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
CoffeeFold атты жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желіні Астана қаласының оқушысы Бэла Темиева ойлап тапты. Бұл әлеуметтік желі елордалық тинейджерлер арасында кең таралған.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik.  Facebook  негізін қалаушысы Марк Цукербергтің оқиғасынан шабыт алған он бес жасар Астана тұрғыны Бэла Темиева жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты.

Әдеттегі хабарлама алмасумен қатар әлеуметтік желі қолданушылары видеочат көмегімен байланыса алады. Желіні жасап шығарғандар ғаламтор браузерлеріне, Android және IOS жүйелеріне арналған үлгісін де ойлап тапты. 

"Жобамның аты "CoffeeFold ", мағынасы "кофе" және "бума" дегенді білдіреді. Әлеуметтік желіні бұлай деп атауымыз бекер емес, себебі адамдар бір шынаяқ кофе ішіп отырып, әңгімелеседі ғой", — деді Темиева жоба презентациясы кезінде.

© Photo : "Асыл бала" РҚ бапсасөз қызметі"CoffeeFold " ғаламтор жобасының презентациясы
CoffeeFold  ғаламтор жобасының презентациясы - Sputnik Қазақстан
"CoffeeFold " ғаламтор жобасының презентациясы
Жаңалықтар
0