Қоғам

Депутат: Астана қаласының атауын "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп өзгертуге болады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мәжіліс депутатының айтуынша елорда атауын өзгерту халықтың ұсынысы, ол үшін қажетті ақшалай қаражат игілікке жұмсалады.

АСТАНА, 23 қар — Sputnik. Қазақстан парламенті палаталарының депутаттары елорда атауын өзгертіп, оны елдің президенті есімімен байланыстыру ұсынысын талқылады.

Депутаттар ҚР тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған декларацияға дауыс берді, оның мәтінін мәжіліс депутаты Қуаныш Сұлтанов оқыды. Бұл декларацияда елдің бас қаласы Астана атауын өзгерту мәселесі қозғалған болатын.

"Бұл мәселе бойынша біз әлі ақылдасамыз. "Нұрсұлтан" немесе "Назарбаев" деп атауға болады. Бұл халықтың ұсынысы. Біз бүгінгі декларацияда соны айшықтап көрсеттік, депутаттар қолдады", — деді Сұлтанов сәрсенбі күнгі палаталардың біріккен отырысынан кейін тілшілерге.

Оның пікірінше, "елордаға қаланың негізін қалаушы бірінші президенттің есімін беруге" Астана мен Қазақстан халқы әбден лайықты.

"Бұған кеткен қаражат игілігімізге жұмсалады, ұлттық санамызды, мемлекеттілігімізді және тарихымызды қалыптастыруға септігін тигізеді", — деді Сұлтанов.

Жаңалықтар
0