Қоғам

622 адам Қазақстан азаматтығын алады

© Photo : Акимат Алматинской областиФлаг Казахстана
Флаг Казахстана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан азаматтығын алған 622 адамды құттықтады.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Қазақстан тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында республика азаматтығын 622 адам алады, деп хабарлады республиканың мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова. 

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстанның азаматы болуға талпынған адам саны тәуелсіздік алған сәттен бастап тұрақты түрде өсіп келе жатқанын атап өтті. Бұл жайт Елбасының парасатты басшылығы арқасында еліміз қол жеткізген әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықтың, ұлтаралық және азаматтық татулық пен орнықты дамудың айқын айғағы болып саналады.  

"Біз республика тәуелсіздігінің 25 жылдығының қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын ыстық ықыласпен қуана қарсы аламыз. Оларға бақытты өмір және енді олардың да Отаны болып саналатын еліміздің игілігі жолындағы жұмыстарына табыс тілейміз. Қазақстанның лайықты азаматы атанып, егеменді еліміздің одан әрі дамуына олар өз үлестерін қосады деп сенемін", – деді Мемлекеттік хатшы.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін таяу және алыс шетелдерден келген әртүрлі ұлттың 622 өкілі жаңа қазақстандықтар атанады.


Жаңалықтар
0