Қоғам

Қазақстан FIFA рейтингінде жеті қатар жоғалтты

Жазылу
Өткен айда Қазақстан 90-шы орында тұрған. Бұл айда 97-ші орынға төмендеді.

АСТАНА, 24 қар — Sputnik. Қазақстанның футболдан ұлттық ерлер құрамасы Халықаралық футбол ассоциациясының (FIFA) жаңартылған рейтингінде жеті қатар жоғалтты. Рейтинг бейсенбі күні ассоциацияның сайтында жарияланды.  

Ерлан Қожағапанов - Sputnik Қазақстан
Спорт
Қожағапанов қызметтен кетті, бірақ қайтып келуі мүмкін

24 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан құрамасы бір ай бұрынғы 90-шы позицияға қарсы рейтингтің 97-ші орнына төмендеді. 

Рейтингті бастап тұрған Аргентина құрамасы, екінші орынға Германия көтерілді, үшінші орында Бразилия келеді. 

Посткеңестік кеңістік құрамалары арасында үздік көрсеткіш – 29-шы орында қалған Украина құрамасында. Өзбекстан бұл рейтингтің – 48-ші қатарында, Ресей – 53-ші қатарда, Беларусь – 77-ші қатарда. Әзербайжан – 88-ші орында тұр.


Жаңалықтар
0