АСТАНА, 8 жел – Sputnik. Қазақстан территориясының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады, негізінен қар жауады, түнде оңтүстік-шығыста кей жерлерде қар қалың түседі, елдің батысы мен солтүстік-шығысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз деп хабарланды ҚР ІІД ТЖ жөніндегі Комитетінің сайтында.
Кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран болып, жел күшейеді.
Ақмола облысында кей жерлерде боран соғуы мүмкін, түнде кей жерлерде және күндіз өңірдің басым бөлігінде желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады деп күтіледі, желдің екпіні 15-23 м/с.
Қызылорда, Маңғыстау облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, Маңғыстау облысында, күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде – желдің екпіні 15-22 м/с, боран соғады. Қостанай облысында боран соғуы ықтимал, желдің екпіні 15-20 м/с.
Атырау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстарында, күндіз Қарағанды облысында кей жерлерде боран соғады, желдің ұйытқуы 15-20 м/с. Павлодар облысында кей жерлерде түнде – тұман, күндіз - желдің екпіні 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі.