02:12 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Василий Левит и балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Багибергенов

Боксшы Левит жетім балаға арнап білім беру депозитін ашты

© Foto: Казахстанская федерация бокса
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
14 0 0

Акция ұйымдастырушылары қазақстандықтарды балалар үйінің түлектеріне жоғары білім алуға көмектесуге шақырады.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik.  Олимпиаданың күміс жүлдегері Василий Левит елордалық 2-сынып оқушысы Алтынбек Бағибергеновтың атына арнайы білім беру депозитін ашты деп хабарлайды Қазақстан бокс федерациясының баспасөз қызметі.

Алтынбек – елордалық балалар үйінің тәрбиеленушісі екен. Мектеп бітіргенге дейін оның есепшотында қомақты қаржы жинақталуы тиіс. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінде ашылған депозиттің кірісі жыл сайын 21%-ды құрайды, оның 7%-ы мемлекеттік сыйақы, қалған 14%-ы – банктің сыйақысы.

"Алтынбектің болашағы зор, міндетті түрде оқу оқып, жоғары білім алуы тиіс", — дейді Левит. – Меніңше, бұл үлкен бір істің бастамасы. Егер білім беру депозиті болашақта керегіне жарап жатса, демек еңбегіміздің зая кетпегені".

Василий Левит пен балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Бағибергенов
© Foto: Қазақстан бокс федерациясы
Василий Левит пен балалар үйінің тәрбиеленушісі Алтынбек Бағибергенов

Басты тақырыптар