02:10 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
Фируза Шарипова

Қазақстандық боксшы қыз "Игра престелов" сериалына түсуі мүмкін

© Foto: Аккаунт Фирузы Шариповой в Facebook
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Түрі келіскен спортшы қыз "Игра престолов" сериалына түсу мүмкіндігіне ие болуы ықтимал.

АСТАНА, 8 дек — Sputnik. Қазақстандық кәсіби боксшы қыз Феруза Шарпованың кандидатурасы әйгілі "Игра престолов" сериалындағы кейіпкерлердің бірін сомдауға қарастырылады, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға қыздың менеджері Сергей Завилейский. 

Оның сөзіне қарағанда, Шарипова жақында "Еуразия барысы" турнирінде өзін тележүргізуші ретінде сынап көрген.

"Голливудтағы телевизиялық продюссерлер – менің достарым, менің жаңалықтарымды қарап отырады. Феруза тележүргізуші рөлінде көпшілікке ұнады. Маған кеше телефон соғып, Фирузаның портфолиосын жіберуді ұсынды. Біз әзірге фотосуретін ғана жібердік. Сурет оларға ұнады. Енді видео сұрап жатыр. Олар "Игра престолов" жасаушыларына оны жетінші маусымда түсіруді ұсынды", — деді Завилейский телефон арқылы. 

Менеджердің сөзіне қарағанда, әзірге Шарипованың қандай рөлге қарастырылып отырғаны белгісіз. 

"Феруза күзетші Дейнерис Таргариенді сомдағысы келетінін айтты. Бұл жерде әрине ол шеше алмайды, не ұсынса соны ұсынады", — деп толықтырды ол.

Завилейскидің мәлімдеуінше, бұл роль үшін Шарипова жекпе-жекті кейінге қалдыру мүмкіндігін қарастыруға дайын. Ферузаның күйеуі де боксы. Менеджердің сөзіне қарағанда, ол зайыбының сериалға түскеніне қарсы емес.

"Ол оны толықтай қолдайды бокста та, түсірілімде де. Ол жүргізуші болған кезде, оған көмектесіп, қасында болды",  - деп түйді Завилейский. 


Басты тақырыптар