02:04 19 Тамыз 2017
Тікелей эфир
перзентхана

Астаналық шекарашының отбасында төртем туылды

© Sputnik / Сергей Гунеев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
71 0 0

Бастапқыда ата-аналар үшем болады деп ойлаған.

АСТАНА, 8 жел – Sputnik. ҚР ҰҚК Шекара қызметінде қызмет ететін әскери қызметшісі Асхат Спановтың отбасында төртем дүниеге келді, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі. 

Спанов "Астана" бақылау-өткізу бекетінде қызмет атқаратын прапорщик қызметін атқарады. Оның отбасында екі ұл, екі қыз бір мезгілде туылды. Бұл Асхат пен Салтанат отбасындағы ұзақ күткен балалары.

"Алғашқыда бізге үшем болатындығын айтқан болатын, ал төртем болған кезде біз тіпті қуандық", — деп келтіреді баспасөз қызметі Салтанат Спанованың сөзін. 

Сәбилер Астана қаласындағы №1 әйелдер босанатын орталықта дүниеге келді. 

Асхат пен Салтанат Спановтар
© Foto: ҚР ҰҚК Шекара қызметі
Асхат пен Салтанат Спановтар

 

Орталықтың меңгерушісі Клара Бектұрсынованың сөзіне қарағанда, жаңа босанған ананың да, өмір есігін жаңа ғана ашқан сәбилердің де денсаулығы ойдағыдай, өздерін жақсы сезінуде, әрине, олар әлі де дәрігерлердің бақылауында болады. Салтанат болса оларды күнделікті түрде емізіп, аналық мейрімін төгуде, ал сәбилер күннен-күнге күш жинауда. 


Басты тақырыптар