Қоғам

ЭКСПО аумағында 16 желтоқсанда "Ұлы Дала елі" монументі ашылады

© Sputnik / Болат ШайхиновМакет "ЭКСПО 2017"
Макет  ЭКСПО 2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ЭКСПО көрмесі аумағында "Ұлы Дала елі" монументі ашылады.

АСТАНА, 14 жел – Sputnik. ЭКСПО аумағында 16 желтоқсанда "Ұлы Дала елі" монументі ашылады деп хабарлады ҚР парламент мәжілісі депутаты Нұрлан Нығматулин.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ахметжан Есімовтің кездесуі - Sputnik Қазақстан
Экономика
Назарбаев: ЭКСПО-2017-ні лайықты өткізу қажет

Сәрсенбі күні мәжіліс депутаттары жалпы отырыс өткізді. Отырысты қорытындылай келе, Нығматулин әріптестерін Тәуелсіздік күнімен құттықтап, өткізілетін мерекелік шаралар туралы мәлімет берді – Тәуелсіздік Сарайындағы салтанатты жиын мен "Астана Опера" театрындағы концерт. 

"16 желтоқсан күні сағат 11:00-де ЭКСПО аумағында "Ұлы Дала елі" монументінің ашылу салтанаты болады", — деді Нығматулин.

"Ұлы Дала елі" ұлттық брендін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған.

Жаңалықтар
0