Қоғам

Қазақстанның 25 жылдық тарихы 3 минуттық бейне роликте

© Photo : скриншот с Youtube"Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 3 минут ішінде" бейне ролигі
Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 3 минут ішінде бейне ролигі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 3 минут ішінде" бейне ролигінің авторлары қысқа бейнеге Қазақстанның ширек ғасырлық тарихын кіргізе білген.

АСТАНА, 16 жел — Sputnik. "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы 3 минут ішінде" бейне ролигін Қазақстан тұңғыш президентінің қоры түсірді. Авторлар шалқымасыз фотосуреттерден тұратын бейнеде Қазақстанда тәуелсіздік алғалы бергі маңызды оқиғаларды көрсете білген. 

Бейне роликте елдің жетістіктері мен қатар Алматыдағы террорлық акт, Жаңаөзендегі оқиға, Қызылағаштағы су басу, Батырхан Шөкеновтың өлімі секілді қайғылы оқиғалар көрсетілген.

Сондай-ақ "Патамушта-патамушта министрі" деп аталып кеткен Қазақстанның бұрынғы еңбек министрі Серік Әбенов те, америкалық комиктің кейіпкері  Саша Коэн Борат келтірілген. 

Жаңалықтар
0