Қоғам

Қазақстан билігі зарарлы мандариндер туралы ақпаратты жоққа шығарды

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуМандариндер
Мандариндер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мандарин тұмаудың көзі және оның берілу факторы болып табылмайды, деп сендіреді Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті.

АСТАНА, 26 жел – Sputnik. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті зарарлы мандариндер туралы ақпаратты жоққа шығарды.

"Мандарин тұмаудың көзі және оның берілу факторы болып табылмайды ҚР Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті ауру жұқтырған мандариндар туралы хабарланатын аудиожазбаның таралуына байланысты түсініктеме береді. Аталған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді",  - делінген хабарламада.

Тұмау — бұл жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) тобына кіретін тұмау вирусы тудыратын тыныс алу жолдарының жіті инфекциялық ауруы. Инфекцияның көзі науқас адам болып табылады. Ауру түшкіру, жөтелу, мұрынның бітелуі кезінде ауа-тамшы жолымен жұғады. Ауру тағам арқылы берілмейді. Тамақ өнімдері, оның ішінде мандарин тұмаудың көзі және оның берілу  факторы болып табылмайды, осыған орай оны пайдалану ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанудың себебі болуы мүмкін емес.

Республикада ЖРВИ-мен сырқаттанушылықтың бақылау деңгейінен аспайтын маусымдық деңгейі тіркелуде. Эпидемиялық маусым басталғаннан бері республикада 200 мыңнан астам ЖРВИ және тұмау жағдайы, оның ішінде 489 тұмау жағдайы тіркелген, 6319 ЖРВИ жағдайы соңғы үш күнде тіркелген. ЖРВИ-мен сырқаттанған адамдардың негізгі бөлігін 14 жасқа (66,2 %) дейінгі балалар құрайды, жүкті әйелдер 3,5 %. Ағымдағы эпидемиялық маусымда А (Н3) және В типті тұмау вирустарының ерте айналымы байқалуда.  

Сондай-ақ ЖРВИ-мен сырқаттанушылық РС вирус, аденовирус, риновирус, бокавирус, парагрипп, метапневмовирус және басқалары сияқты тұмау этиологиясына жатпайтын вирустармен байланысты. ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылықты төмендету мақсатында  республикада нақты жұмыстар атқарылуда.

Эпидемияға қарсы шұғыл шараларды қабылдау мақсатында 1 желтоқсаннан бастап ҚР халқының ЖРВИ және тұмаумен сырқаттанушылығы жағдайына және Қазақстан мен шетелдегі тұмау вирусының айналымына күнделікті мониторинг жүргізілуде.   Өңірлердегі вирусологиялық зертханалар тұмауға және басқа да респираторлық инфекцияларға зерттеу жүргізу үшін қажетті реагенттермен, шығыс материалдарымен қамтамасыз етілген.

 

 

Жаңалықтар
0