Қоғам

Almaty Towers ғимаратында қаза тапқан студенттің әкесі: ТЖД өтірігі ызамды келтіреді

© Sputnik / Сергей КимAlmaty Towers
Almaty Towers - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Almaty Towers бизнес орталығындағы салынып жатқан батут орталығы аумағында болған өртте қаза тапқандардың бірінің әкесі ұлының өліміне өрт сөндірушілерді айыпты деп санайды

АСТАНА, 28 жел — Sputnik, Сергей Ким. Almaty Towers ғимаратындғы өрт кезінде қаза тапқан студенттің әкесі алматылық өрт сөндірушілер біліктілік танытқанда, құрбандар саны аз болар еді дейді. Ирсали Ирсалиев пікірін жазбаша түрде жеткізді. Sputnik Қазақстан агенттігі автордың қолы қойылған үндеудің көшірмесін оқып шықты.

"Алматы қаласы бойынша ТЖД өкілдерінің өтірігі ызамды келтіреді. Олар ғимаратта адам барын ешкім айтқан жоқ дейді. Бұл – нағыз өтірік", — деп жазады ер адам. 

© Sputnik / Сергей КимAlmaty Towers ғимаратындағы өрт орнында
Almaty Towers ғимаратындағы өрт орнында - Sputnik Қазақстан
Almaty Towers ғимаратындағы өрт орнында

Ирсалиевтің сөзіне сүйенсек, батут орталығынан шыққан студенттер жанып жатқан ғимараттан достарын шығарып алуды сұрап өрт сөндірушілерге жалынған. Бірақ бәрі бекер болған екен.

Кісен - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Almaty Towers кешеніндегі өрт: батут орталығының директоры екі айға қамауға алынды

"Адамдарды құтқарыңыздар деп жалынып, өрт сөндірушілерге олардың қайда екенін айтқан. Бірақ оларды ешкім тыңдамапты. Өздері көмектеспекші болғанда, жібермей қойған екен. Өрт сөндірушілер алтыншы қабатқа қалай баруды білмей дал болған. Ғимараттан шығып үлгерген адамдар оларға жол көрсетіпті. Бір топтың тіпті фонары да болмапты, балаларды бірі өртке дейінгі жолға телефонымен жарық түсіріп, жеткізген екен. Тергеу әділетті түрде жүргізіледі деп үміттенген едім, бірақ өрт сөндірушілердің  берген жауабы жауапкершіліктен қашу екенін енді түсіндім", — деп жалғастырады Ирсалиев.

Оның айтуынша, ғимаратта қалып қойған студенттердің аман қалуына мүмкіндік болған.

© Sputnik / Сергей КимAlmaty Towers ғимаратындаңы батут орталығынан шығатын есік
Almaty Towers ғимаратындаңы батут орталығынан шығатын есік - Sputnik Қазақстан
Almaty Towers ғимаратындаңы батут орталығынан шығатын есік

"Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, олар иіс газынан уланып қаза тапқан. Өрт сөндірушілер студенттердің жалынышын тыңдап, міндеттерін біліктілікпен орындағанда, балаларымыздың көзі тірі болар еді. Алайда, олар балаларды құтқармақ түгіл, денелерін де іздемеген, сол түні ғимаратта ешкім жоқ деп мәлімдеген. Балаларымыз болса жабық тұрған апат кезіндегі шығу есігінің алдында қаза тапты. Өрт сөндірушілер ең бірінші сол есіктерді тексереді деп ойлайтын едім, өйткені адамдар өрт кезінде сол есіктер арқылы шығады ғой. Туған-туыстар мен достар солардың сөзіне сеніп, қаза тапқан балаларды түні бойы Алматы ауруханаларынан іздеген, ешқайсысы табылмаған соң, таңға қарай ТЖД мен полицияға хабарласқан. Сол кезде ғана шара қолданылып, балалардың денелері табылды", — дейді Ирсалиев.

Батут орталығының қамауға алынған директоры Дәурен Тұяқовтың мүддесін қорғаушы Джохар Өтебековтың сұрағына Алматы ТЖД берген жауабы таң қалдырады. Өткен аптада алынған құжатта былай жазылған:

дәнекерлеуші - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Өртте қаза тапқан студенттер туралы достары: шарттарды білген, бірақ ақша таппақ болды

"Өрт сөндірушілердің бастапқы әрекеті төменгі қабаттағы адамдарды қауіпсіз жерге шығару болған, ол жерден барлығы 80 адам эвакуацияланды. Өрт сөндіру кезінде ғимарат түгелдей отқа оранған болатын, сол себепті өрт сөндірушілер ғимараттың ішіне кіре алмады. Ғимарат төбесінің бір бөлігі жоғары температураға төзбей опырылып кеткендіктен, бұл аумақта жұмыс жүргізу конструкция толық сөнгенше мүмкін емес болды. Сонымен қатар жанып жатқан ғимараттың ішінде қалған адамдар туралы ақпаратты сұраған кезде, нысан әкімшілігі ғимаратта ешкімнің жоқ екенін мәлімдеген. Жанып тұрған ғимарат ішінде қалып қойған адамдар туралы басқа мәлімет департаментке жеткізілген жоқ". 

Сонымен қатар, Алматы ТЖД өкілдерінің айтуынша, адамдардың жоғалып кеткендігі туралы ақпарат келесі күні таңертең ғана келіп түскен.

Ирсалиевтің хаты – БАҚ-да жарияланған ТЖД хабарламасына берілген жауап болып табылады.

Жаңалықтар
0