Қоғам

Ерғазы Нұрғалиев "Қазақстан Ғарыш Сапары" басшысы атанды

© Photo : Пресс-служба министерства оборонной и аэрокосмической промышленностиЕрғазы Нұрғалиев
Ерғазы Нұрғалиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ерғазы Нұрғалиев - "Байқоңыр" ғарыш айлағының ардагері әрі "Байқоңырдың құрметті азаматы"

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Қазақстан Республикасы үкіметінің келісімімен "Қазақстан Ғарыш Сапары" Ұлттық компаниясы" АҚ президенті болып Ерғазы Нұрғалиев сайланды деп хабарлайды қорғаныс және әуеғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Еркін Шаймағамбетов - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Еркін Шаймағамбетов Қазғарышты басқаруды жалғастырады

Нұрғалиев Ерғазы Мейірғалиұлы 1954 жылы 4 маусымда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 

1977 жылы Өскемен құрылыс-жол институтын "Сәулет" мамандығы бойынша бітірген, 2001 жылы Мәскеу халықаралық экология-политологиялық  университетін "Құқықтану" мамандығы бойынша тәмамдаған.

"Байқоңыр" ғарыш айлағының ардагері, ғарыш кешенінің дамуына қосқан үлесі үшін 2011 жылы "Байқоңырдың құрметті азаматы" және "Байқоңыр" ғарыш айлағының еңбек сіңірген құрылысшысы" атақтары берілген. 

Жаңалықтар
0