Қоғам

Астаналықтар Жаңа жылды мұз қалашығында қарсы алады

© Sputnik / Болат ШайхиновШырша
Шырша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Елордалық билік өкілдері Астанада Жаңа жылды ұлан-асыр тойлауға уәде беріп, баршаңызды Жаңа жыл түнінде мұз қалашықтарына шақырады

АСТАНА, 29 жел — Sputnik. Астана қонақтары мен тұрғындары Жаңа жылды мұз қалашығында қарсы алып, қазақстандық жұлдыздардың концерті мен таңғажайып фейерверкті тамашалай алады.

Жаңа жыл - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Мұз айдыны, сырғанақтар мен хоккей корттары

31 желтоқсанда сағат 21:00-ден 03:00-ге дейін "Хан Шатыр" СОСО мұз қалашығында, сондай-ақ қалалық алаңда жаңа жылды қарсы алуға ниетті жандар қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен шоу-бағдарлама мен концерт тамашалайды. Елордада жаңа жыл түні Айқын Төлепберген, Әли Оқапов, Маржан Арапбаева, ағайынды Жүгінісовтер, "Орда" тобы, "Дабыл" тобы және т.б. әртістер өнер көрсетеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, еліміздің бас шыршасының жанында ашылған мұз қалашығында келушілерді көп қызық күтеді.

Сонымен қатар, жаңа жыл түні мерекелік отшашу ұйымдастырылады. 2017 жылы салют елорданың үш ауданында болады – "Хан Шатыр" СОСО жанында, Есіл өзенінің жағалауында, сондай-ақ, Абылай хан даңғылы мен А. Пушкин көшесінің қиылысындағы скверде. Коньки тебуді ұнататын жандар үшін жағалаудағы жаңа жыл түні ерекше болмақ. Мұнда қала тұрғындары үшін жаппай коньки тебу ұйымдастырылады.

Жаңалықтар
0