Қоғам

Қазақстан мен БАЭ қазақстандық туристтерді жіберу туралы келісімге келеді

© pixabay/gustavmelin0Ұшақ
Ұшақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тұманның кесірінен Эмираттарда қалып қойған қазақстандықтар жуық арада елге оралады

АСТАНА, 30 жел — Sputnik. Қазақстан Шарджда қалып қойған қазақстандық туристтерге қатысты БАЭ авиация билігіне өтініш жолдады деп хабарлайды ҚР инвестиция және даму министрлігінің туризм өнеркәсібі  департаментінің директоры Марат Иғалиев.

Алматы әуежайы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы әуежайында 20-дан астам рейс кешіктірілуде

Ведомствоның өкілі берген мәлімет бойынша, қазақстандық туристтерді елге қайтару жолдары қарастырылуда.

Оның сөзіне жүгінсек, қазіргі уақытта ведомство БАЭ авиация биліктерінің ресми каналдарына қазақстандық туристтерді тасымалдау үшін жіберілген Қазақстан туы астындағы қосымша ұшақты қабылдап, қызмет көрсету туралы хат жолдады. 

Қазақстандық ведомствоның берген дерегі бойынша, Шарджда бірнеше күн тұман тұрып, жергілікті әуежай ұшақтарды қабылдап, аттандырған жоқ – нәтижесінде рейстердің кестесі бұзылып кетті.

Жаңалықтар
0