Қоғам

Мәжілісмендер бір күндік жалақыларын Шаханда зардап шеккендерге аударады

© ИА Новости-Казахстанмәжіліс
мәжіліс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қарағанды облысының әкімдігі жерлеу және құдайы тамақ беруді ұйымдастыруға қатысты шығындарды көтеріп, әр қайтыс болған адамға (15 адам) 1 миллион теңгеден және зардап шеккендерге 500 мың теңгеден береді.

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттары бір күндік жалақыларын Шахан кентінде үйдің құлау салдарынан зардап шеккендерге аударады, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі. 

"Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин мәлім еткендей, Палата Бюросы Қарағанды облысының Шахан кентінде орын алған төтенше жағдайға байланысты зардап шеккендерге көмек қорына Мәжіліс депутаттарының бір күндік еңбек жалақысын аудару туралы Қаулы қабылдады", — делінген хабарламада. 

1 қаңтарда Шахан кентіндегі 60 пәтерлі тұрғын үйдің подъездерінің біріндегі жертөледе бу қазандығы жарылды. Подъезд қирады. Жалпы 15 пәтер зардап шекті. Үйдің аман қалған бөлігінің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіріп, үйіндіні тазалауға кірісті. Соңғы деректерге сәйкес, тоғыз адам қаза тапқан:  үш ер адам, үш әйел кісі, үш бала. Екі бүлдіршін 2016 жылы туылған, біреуі – 2010 жылғы сәби. Екі адам ауруханаға жатқызылды. 2 қаңтар 13:00-де үйіндіні тазарту бойынша негізгі жұмыстар аяқталды. 


Жаңалықтар
0