Қоғам

Алматыда елуден астам адам жаңажылдық отшашудан зардап шекті

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуОтшашу
Отшашу - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зардап шеккендердің көпшілігі жеңіл-желпі күйік алған

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. 31 желтоқсан мен үшінші қаңтар аралығында Алматыда 57 адам отшашудан зардап шеккен, олардың жетеуі ауруханаға жатқызылды деп хабарлады Алматы денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық бөлімінің басшысы Нұржан Исабеков.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
БҚО-да балалар жаңажылдық отшашудан зардап шекті

"Төртеуі Орталық қалалық клиникалық ауруханаға жатқызылды, үшеуі – Балалар жедел медициналық жәрдем орталығында. Жағдайлары бір қалыпты. Жан сақтау бөлімінде ауыр хәлде жатқандар жоқ. Зардап шеккендердің жасы – ең кішісі 2011 жылы туылған, ең үлкені 1969 жылы туылған. Жарақаттар: бесеуінің көз алмасына зақым келген, екеуінің қолы күйіп қалған. Жасы ең кіші бүлдіршін бірнеше жарақат алған: от-жалыннан күйік шалып, екі қолы білезікке дейін ашық жарақат алған, екінші саусақ сүйегі сынған, соған қарағанда отшашу күшті болған екен", — деді ол. 

Қалған 50 адам жеңіл-желпі күйік алған, бет терісі мен қолдары жарақаттанған. 

Жаңалықтар
0