Қоғам

Суреттегі қыздар: Хан Шатыр келушілерін жартылай жалаңаш қыздар таңғалдырды

© Photo : аккаунт пользователя Карины Сеиловой в Facebook"Хан Шатыр" сауда орталығы
Хан Шатыр сауда орталығы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Осындай ерекше тәсілмен француз суретшісі көрмесінің ұйымдастырушылары ашылып жатқан экспозицияға назар аудартпақ болған

АСТАНА, 9 қаң – Sputnik. Француз суретшісі Жан-Франсуа Розьенің көрмесін жарнамалайтын ерекше шара Астанадағы "Хан Шатыр" сауда орталығына келушілерді таңғалдырды. Үстеріне сурет салынған жартылай жалаңаш қыздар сауда қатарларынан өтіп, адамдарды қайран қалдырды. 

Әлеуметтік желі пайдаланушылары болжамдарымен бөліскен: кезекті флешмоб па әлде, әйелдерге ұятмендер жетпей жатыр ма?

© PhotoҚыздар "Хан Шатыр" сауда орталығында
Қыздар Хан Шатыр сауда орталығында - Sputnik Қазақстан
1/2
Қыздар "Хан Шатыр" сауда орталығында
© Photo : аккаунт пользователя Карины Сеиловой в FacebookҚыздар "Хан Шатыр" сауда орталығында
Қыздар Хан Шатыр сауда орталығында - Sputnik Қазақстан
2/2
Қыздар "Хан Шатыр" сауда орталығында
1/2
Қыздар "Хан Шатыр" сауда орталығында
2/2
Қыздар "Хан Шатыр" сауда орталығында

Әлеуметтік желілердегі қоғамдық шу туғызған француз фотосуретшісі ұйымдастырып отырған көрмені жарнамалау болып шықты. 

"Мұндай шараны өткізіп отырған агенттіктің мақсаты — көрмені жарнамалау ғана емес, сондай-ақ, бұл өнер түрінің бірегей екенін көрсету. Кейбіреулер сынға алса, кейбіреулері қолдау көрсетіп жатыр", — деп хабарлады көрме ұйымдастырушылары.

Жан-Франсуа Розьенің "Гипер Астана" көрмесінің ашылу салтанаты 20 қаңтарда сағат 19.00-де Бейбітшілік және келсім сарайында өтеді. Көрмеде 30-дан аса эксклюзив экспозиция көрсетілетін болады.


Жаңалықтар
0