06:33 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Уақытша тіркеу

Омбудсмен уақытша тіркелмеуге байланысты салынатын айыппұлдың мерзімін ұзартуды ұсынды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандағы уақытша тіркеу (10)
12 0 0

Омбудсменнің пікірінше, уақытша тіркеу адам құқығына қайшы келмейді

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Қазақстан Республикасында адам құқығы жөніндегі уәкіл мекеме қазақстандықтарды уақытша тіркеуге байланысты даулы норманың енгізілуі туралы өз пікірін білдірді.

"Азаматтарды тұрып жатқан мекенжайы бойынша қосымша уақытша тіркелуін енгізу жөніндегі шаралар елдің қауіпсіздігін сақтауға бағытталғандықтан, халықаралық және ұлттық құқықтардың нормаларына қарама-қайшы келмейді", — делінген омбудсмен мәлімдемесінде.

Осы норманы енгізуге байланысты қалыптасқан ахуалды реттеудің бір шарасы ретінде халықты жаңа жүйеге біртіндеп бейімдеуге бағытталған өтпелі кезеңді енгізу ұсынылып отыр, бұл айыппұл салу мерзімін ұзарту мәселесін қарастырады.

Тақырып:
Қазақстандағы уақытша тіркеу (10)

Басты тақырыптар