16:11 21 Ақпан 2017
Тікелей эфир
ХҚКО

Уақытша тіркелуге қажетті құжаттар тізімі қысқаруы мүмкін

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Қазақстандағы уақытша тіркеу (10)
35 0 0

Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы дүрлікпеден кейін шенеуніктер уақытша тіркелу үдерісін жеңілдету туралы ойлана бастады

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Қазақстанның билік өкілдері Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы дүрлікпенің салдарынан уақытша тіркелуге қажетті құжаттар тізімін қысқартуы мүмкін.

"Бір ай ішінде "онлайн" режимде тіркелу мүмкіндігі енгізіледі. Азаматтардың форма 2 (жылжымайтын мүлікке құқық турады) бойынша анықтаманы өткізу қажеттігін алып тастау жоспарланып отыр. Бұл қызмет көрсету үдерісін екі есе жылдамдатады", — деп мәлімдеді ақпарат және коммуникация министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында.

Министрлік әкімшіліктердің ХҚКО базасына кіре алу мүмкіндігін қамтамасыз етуді ұсынды. "Мұның арқасында әкімшілікте жәрдемақы алатын азаматтар қажетті анықтамаларды сол жерде ала алады. Нәтижесінде ХҚКО-ның қызметі жеңілдейді", — деп санайды министр.

Тақырып:
Қазақстандағы уақытша тіркеу (10)