02:24 26 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Уақытша тіркелу

Астанада баспасөз конференциясы барысында уақытша тіркеу мәселелері талқыланады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
17 0 0

Сарапшылар мен шенеуніктер азаматтарды уақытша тіркеуге алу тақырыбы бойынша алаңдатып отырған сұрақтарға жауап береді

АСТАНА, 11 қаң — Sputnik. Халықаралық Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында бейсенбі, 12 қаңтар күні сағат 11.00-де Қазақстанда азаматтарды уақытша тіркеу өзекті мәселесі бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. 

Қазақстанда заңнамаға экстремизм мен терроризмге қарсы тұру мәселелері жөніндегі  түзетулер күшіне енді. Олардың қатарына азаматтарды міндетті уақытша тіркеуге алу нормасы кіреді. Ол жалға беруші, жалға алушы мен тұрғылықты тіркеу мекен жайы бойынша тұрмайтын азаматтарға қатысты болады. 

Қатысушылар: 

— "Азаматтарға арналған үкiмет" МК Мемлекеттiк қызмет көрсету дирекциясы директорының орынбасары Шоқан Әбдiлманов;

— Астана қаласы Көші-қон полициясы басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева;

— Республикалық адвокаттар алқасының өкілдері. 

Баспасөз орталығының мекенжайы:  Қонаев көшесі, 12/1, ВП-12, (Сулы-Жасыл бульвар, "Бәйтерек" монументі жағынан кіресіз). Телефон нөмірлері: +7 (7172) 689904, +77015277007.