16:11 21 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Ақылы көлік тұрағы

Қарбалас уақытта Астанаға ақылы кіруді енгізу ұсынылды

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
8 0 0

Күнделікті қала маңынан Астанаға жетпіс бес мыңнан астам автокөлік кіреді

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. Елорда билігі қарбалас уақытта Астанаға ақылы кіруді енгізу туралы мәселені қарастыруда.

Бейсенбі күні қоғамдық тыңдау өткізілуде, онда "Елорданың көліктік кешенін дамытуға бағытталған 2017 жылғы шаралар бағдарламасы" ұсынылды.

Іс-шарада таратылған баспасөз хабарламасына сәйкес, қала көшесіндегі кептелісті жою мақсатында қарбалас уақытта "Ақылы кіру" жобасын енгізу жоспарланып отыр.

"Көлік кептелісі деңгейі жоғарылаған мерзімде ақылы кіру мәселесі қаралуда. Мақсатымыз қалаға ақылы кіруді енгізу емес, сағат 7 мен 9:30 аралығындағы қарбалас кезеңде көлік кептелісін азайту", — деді "Астана LRT" компаниясының транспорт жөніндегі директоры Рустам Халилев.

Ол бұл өзгерістің себебін де түсіндіріп өтті.

"Біз адамдарды қоғамдық көлікпен жүруге насихаттаймыз, себебі бір автобусқа 100 адам сыяды. Егер автокөлік санына бөлсек, тіпті бір көлікке екі адам деген күннің өзінде 50 автокөлік шығады", — деп ойын қорытты директор.