06:35 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Бір бағыттағы қозғалыс

Астанада тағы екі даңғылға көліктің тек бір бағытта қозғалуын енгізеді

© Sputnik / Григорий Собченко
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
12 0 0

Абылайхан мен Шәкәрім Құдайбердіұлы даңғылдарына көліктің тек бір бағытта қозғалуы енгізіледі

АСТАНА, 12 қаң — Sputnik. 2017 жылдың екінші тоқсанында Астанада екі даңғылға көліктің тек бір бағытта қозғалуын енгізеді деп хабарлады елордалық әкімшілік баспасөз қызметі.

"Көшелердің жекелеген бөліктерінде көлік ағынының жылдамдығын арттыру мақсатында 2017 жылдың екінші тоқсанында Абылай хан және Ш. Құдайбердіұлы даңғылдарының 5,3 километріне көліктің бір бағытта қозғалуын енгізу жоспарланып отыр", — делінген хабарламада.

Хабарламада атап өтілгендей, қоғамдық көліктің қозғалысына бөлінген арнайы жолақ Bus Lane енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Биылғы жылы 64,7 километрге созылатын қосымша 24 телім енгізу жоспарлануда, бұл қозғалыстың орташа жылдамдығын 22%-ға арттырады.

Басты тақырыптар