06:36 25 Қыркүйек 2017
Тікелей эфир
Қоғам

Алып тұлға: Дінмұхамед Қонаевтың туғанына 105 жыл

Қысқа сілтеме алу
415 0 0
  • КОКП ОК саяси бюро мүшесі, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993). Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1952), техника ғылымдарының докторы (1969). Үш мәрте Социалистік еңбек ері. Мәскеулік түсті метал және алтын институтын бітірген (1936). 1936-1942 жылдары Алтай, Риддер, Лениногорск кеніштерінде басшылық қызметтер атқарған. 1942-1952 жылдары  Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1952 жылы Қазақстан ҒА президенті болып сайланды. 1955-1960, 1960-1962 жылдары Қаз КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, 1960—1962, 1964—1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. Жалпы оның елді басқарған мерзімі ширек ғасырды дерлік құрайды.
  • КОКП ОК бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев және Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (бірінші қатарда сол жағынан екінші) Медеу мұз стадионында (Алма-Ата)
  • Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев пен КОКП ОК бас хатшысы Леонид Ильич Брежнев бейнелеп сырғанау бойынша КСРО чемпиондары Ирина Роднина мен Александр Зайцевпен Медеу мұз стадионында (Алма-Ата) әңгімелесіп тұр.
  • Тың игерудің 20 жылдығына арналған салтанатты отырыс. Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев отырысты ашу кезінде.
  • Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев
  • Қазақ КСР Коммунистік партиясы Орталық комитеті мен Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің республикаға Халықтар достығы орденін тапсыруға арналған салтанатты жиын
  • Венгриялық делегация басшысы Ласло Каракаш, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы  Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев, Қазақстан коммунистік партиясы ОК хатшысы Саттар Имашев (сол жақтан оңға қарай) Абай атындағы опера және балет театрында Қазақстандағы Венгрия мәдениетінің онкүндігінің ашылу салтанатында.
© Sputnik /
КОКП ОК саяси бюро мүшесі, Қазақстан КП ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев (1912-1993). Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі (1952), техника ғылымдарының докторы (1969). Үш мәрте Социалистік еңбек ері. Мәскеулік түсті метал және алтын институтын бітірген (1936). 1936-1942 жылдары Алтай, Риддер, Лениногорск кеніштерінде басшылық қызметтер атқарған. 1942-1952 жылдары Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің төрағасының орынбасары болып қызмет етті. 1952 жылы Қазақстан ҒА президенті болып сайланды. 1955-1960, 1960-1962 жылдары Қаз КСР Министрлер кеңесінің төрағасы, 1960—1962, 1964—1986 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің Бірінші хатшысы қызметін атқарды. Жалпы оның елді басқарған мерзімі ширек ғасырды дерлік құрайды.

Тура 105 жыл бұрын, сонау 1912 жылы Верный қаласында, қазіргі Алматы, Дінмұхамед Менліахметұлы Қонаев дүниеге келді.

 Осы мерейтойға арналған бірегей тарихи кадрларды біздің фото таспадан көріңіз. 

 

Басты тақырыптар