19:32 25 Ақпан 2017
Тікелей эфир
Ұялы телефон

Астана әкімдігі учаскелік инспекторларды үйге кіргізбеу туралы өкімді жоққа шығарды

© Sputnik / Игорь Руссак
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
18 0 0

Елорда әкімдігі әлеуметтік желіде таратылған учаскелік инспекторларға есік ашпау туралы ақпаратты жоққа шығарды

АСТАНА, 12 қаң – Sputnik. Астана әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған қала әкімінің тексеруге келген азаматтарды кіргізбеу өкімі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлады елорданың ресми сайты. 

"Астана қаласының әкімдігі әлеуметтік желілер мен WhatsApp  месенджері арқылы тараған уақытша тіркеуге қатысты ақпаратты жоққа шығарады. Әкімдік ешқандай хабарламалар таратқан жоқ. Бұл ақпарат шынайылыққа жанаспайды", — делінген хабарламада. 

Өткен жылғы желтоқсанның соңында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне экстремизмге және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойылды. Атап өткенде, бұл тұрғылықты мекен жай бойынша тіркеу талабы туралы нормаларға қатысты болды.