13:21 21 Тамыз 2019
Тікелей эфир
  • USD386.91
  • EUR428.81
  • RUB5.79
Астана

Исекешев Астанадағы түбегейлі өзгерістер туралы баяндады

© Sputnik / Болат Шайхинов
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
20 0 0

Елордадағы өзгерістер туралы барлық ұсыныстар қала халқымен бірге талқыланады

АСТАНА, 14 қаң — Sputnik. Астана әкімі Әсет Исекешев елордамыздың 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасындағы түзетулер туралы айтты.

Бағдарламаның негізгі басымдығы қала тұрғындарының әл-ауқатының және әлеуметтік жағдайының өсуі болып табылады.

Жиырма бастама

Ол үшін екі басты мақсат алға қойылды: қала халқының өмір сүру сапасын арттыру және олардың кірісін өсіру. Мұны қалай жасауға болатынын қала әкімі Facebook парақшасында жазды.

"Өмір сүру сапасын жақсарту білім, денсаулық сақтау салаларында мемлекеттік қызметтерді көрсету деңгейін арттыру, қоғамдық көліктің жұмысын, экологияны, қауіпсіздікті, тұрғын үй жағдайларын жақсарту, азық-түлікпен қамту, бенчмаркинг ретінде біз алдымызға ЭЫДҰ стандарттарын қойып отырмыз. Және әрбір сала бойынша ілгерілеуді көруге болатын индикаторлар белгілеп алдық", — деп жазды Исекешев.

Аталған кезеңде халық үшін маңызды 20 негізді көрсеткішке жетуге зейін қою жоспарланған, олар қолжетімді және сапалы біліммен қамтуға, денсаулық сақтау саласында елеулі алға жылжуға, қоғамдық кеңістіктерді трансформациялауға, заманауи қоғамдық көлік жүйесін және ТКШ дамытуға мүмкіндік береді.

"Сол себепті біз бағдарламаға "20 нақты бастама" деген атау беріп, оны елорданың 20 жылдығына орайластыруды шештік", — деп мәлімдеді әкім.

Бірінші кезектегі мәселелердің бірі барлығы үшін, қала орталығы немесе қаланың шеті болсын, бір қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету; қала 129 сектор арқылы (әрқайсысында 10 мың адамға дейін халық тұрады) дамытылатын болады, онда кем дегенде 32 әлеуметтік стандарт қарастырылады – мектептер, балабақшалар, саябақтар, спорт алаңдары, емханалар, учаскелік полиция бекеті, азық-түлік өнімдеріне қолжетімділік, қоғамдық көлік, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған бейнекамералар және т.б. 

Бастапқы кезеңде идеяларды жинап, талқылау үшін тәуелсіз сарапшылардан жасақталған Тұрақты даму жөніндегі кеңес құрылды, ол бастамалардың іске асырылу барысын бақылап, қала қоғамымен диалогты қамтамасыз ететін болады.Бұл жұмысты танымал сарапшы Талғат Әбдіжаппаров үйлестіреді.

Әлеуметтік сауалнамалар

"Біз әр сала бойынша іс-қимыл жоспарын, негізгі жобалар мен шараларды белгілеп алдық. Сол себепті Кеңес арқылы оның әрқайсысын ашық және жариялы түрде қарастырмақпыз. Біз үшін кері байланыстың болғаны керек, халықтың әр саладағы дамуды түсініп, қолдағаны маңызды", — деп хабарлады Әсет Исекешев әлеуметтік сауалнамалар жүргізу жөнінде.

Осы ретте қаралған алғашқы мәселе қоғамдық көлікті дамыту бағдарламасын, біздің мамандар дайындаған, ұсынған жобалары мен шараларын талқылау болды.

"Бұл оңай мәселе емес. Бастапқы жоспар бойынша қала халқының саны 2030 жылы 860 мың адамды құрауға тиіс болатын, алайда ол қазірдің өзінде бір миллионға жетті. Автомобилизация деңгейі жоғары (1997 жылы 30 мың автокөлік болса, 2016 жылы 350 мың автокөлік, өзге өңірлерден келген және транзиттік көліктер саны 100-150 шамасында). Жол инфрақұрылымының жетіспеушілігі және т.б. Сондықтан да бұл жерде оңай шешім де табыла қоймас. Біз Үкіметтің қолдауымен жеңіл рельсті көлік жүйесінің құрылысына белсене кірістік, ол 2019 жылдың бірінші жартысында аяқталады, сондай-ақ, бірнеше жаңа көше салынып, бірқатар көшелер мен жолдар кеңейтіледі, басқа да жобалар жоспарланған", — деп жоспарлармен бөлісті әкім.

Алайда, әкімнің пікірінше, жол мен жолайрықтардың құрылысы барлық мәселелерді шешіп бермейді. Бүкіл әлемде (Сингапур, Лондон, Мәскеу, Дубай) қолданылатын жаңа технологиялық және басқарушылық шешімдер қажет. 

"Әлемнің көптеген мегаполистеріндегідей басты басымдық ретінде біз қоғамдық көлік пен жаяу жүргіншілерді белгіледік. Жұмыстың жаңа стандарттарына жақындай түскен маңызды (жылы және желдетілетін аялдамалар, автобустардың 7-10 минуттық аралықпен жүруі және т.б.), веложолдардың, жаяу жүргіншілер жолдарының, саябақтардың желісін дамыту). Менің әріптестерім осы жобаларды таныстырды, мен барлық сарапшылардан және халықтан 1 ақпанға дейін өз ескертулері мен ұсыныстарын айтуды өтіндім. Содан кейіне біз бәрін мұқият зерттеп, ақырғы шешім қабылдайтын боламыз", — деп мәлімдеді әкім.

"Қалған салалар бойынша да біз барлық мәселелерді ашық және жариялы түрде талқылауға әзірміз. Бұл біздің жұмысымыздың жаңа форматы деп есептейміз", — дейді қала басшысы.

Загрузка...

Басты тақырып