Қоғам

ЭКСПО-2017: билеттерге қатысты қиындық болмайды

© Photo : АО "НК "Астана ЭКСПО-2017"ЭКСПО-2017
ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Көрме ұйымдастырушылары мәлімдегендей, ЭКСПО-2017 билеттерін сатып алуда ешқандай мәселе туындамауы керек

АСТАНА, 2 ақп – Sputnik.  Астанада биыл жазда өтетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінде билет сатып алу бойынша Универсиада кезінде туындаған қиындықтар қайталанбайды деп сендірді көрме ұйымдастырушылары.

ЭКСПО-2017 - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Ұлттық компания ЭКСПО билеттерін күштеп сату туралы түсіндірді

"ЭКСПО кезінде мұндай қиындық болмайды деп ойлаймын. Біріншіден, билеттер санын шектемейміз. Себебі универсиададан айырмашылығы: онда нақты орын саны бар, ал көрмеге халық жай ғана келіп кетеді. Оның үстіне әрбір кіру тобына он терезесі бар бір-бір үлкен касса ұсынылады. Бұл көрме кезінде кезектер пайда болмас үшін жасалатын шара", — деді "Астана ЭКСПО-2017" ҰҚ" АҚ коммерциялау департаментінің директоры Дәулет Еркінбаев тілшілерге.

Жаңалықтар
0