01:35 18 Желтоқсан 2017
Тікелей эфир
стюардесса

Стюардесса қарындас: Астана тұрғыны ұшақта қырындағаны үшін сотталды

© Sputnik / Артем Житенев
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
16 0 0

Елорда тұрғыны ұшақ бортында стюардессаға қырындап тиіскені үшін әкімшілік қамауға алынды

АСТАНА, 8 ақп — Sputnik. Астана тұрғыны ұшақ бортында стюардессаға қырындап тиіскені үшін әкімшілік соттың шешімімен бір тәулікке қамауға алынды деп хабарлады елорадық соттың баспасөз қызметі сәрсенбі күні.

Істің дерегі бойынша, 2016 жылы 30 желтоқсанда мас ер адам "Эйр Астана" ұшағының бортында стюардессаға тиіспек болған.

"Құқық бұзушы өз әрекетімен қызметкердің ар-намысына нұсқан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзды, азаматтардың мазасын алды", — деп атап өтті сотта.

Астана қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысы бойынша ер адам Қазақстан Республикасы ӘҚБК 434 бабы 1 бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бір тәулікке қамауға алу жазасына кесілді.

Сот қаулысы заңды күшіне әлі енген жоқ.  

Басты тақырыптар