Қоғам

ҚР ІІМ: Қазақстанда "өлім топтарының" әсерінен болған суицид жағдайлары жоқ

© Еркен Салиховтелефон
телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандықтарды "WhatsApp" арқылы тарап жатқан суицид ойындарының құрбандары туралы ақпараттарға сенбеуге шақырады

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Қазақстанда Интернеттегі суицид ойындарына байланысты өзіне қол жұмсау жағдайы тіркелмеген, деп мәлім етті ҚР ішкі істер министрлігінде. 

Соңғы күндері "WhatsApp" мессенджерінде суициалдық сипаттағы виртуалдық ойын туралы жалған ақпарат және олардың құрбандарының саны, хат алмасуларының скриндері, аудио жазбалық қоңыраулар таралуда.

"Азаматтарды әлеуметтік желілерден және басқа да күмәнді кздерден алынған мәліметтерге емес құзыретті органдардың ресми ақпараттарына сүйенуге шақырамыз", — делінген ҚР ІІМ-нің хабарламасында. 

ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаевтың хабарлауына сәйкес, Қазақстан аумағында интернет желісіндегі суициалдық ойындармен байланысты өзін өзі өлтіру фактісінің тіркелмегенін. Органдарда, жалған ақпаратты қасақана таратқаны үшін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 274-бабына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.


Жаңалықтар
0