Қоғам

Елбасы ел құрамасын Универсиадада зор жетістікке жетуіне орай құттықтады

© SputnikАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев спортшыларға зор денсаулық, бұдан да биік белестер тіледі

АСТАНА, 8 ақп – Sputnik. Мемлекет басшысы 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиадада Қазақстанның ұлттық құрамасының зор жетістікке жетуіне орай құттықтау жолдады деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.

"Сіздердің қайсарлықтарыңыздың арқасында Қазақстанның жалпы командалық екінші орынға қол жеткізуі – елдің биік беделінің, бұқаралық спорттың дамығандығының айқын көрсеткіші. Қазақстанның спорт мектебінің даңқын тағы бір мәрте асқақтатып, жоғары дайындықтарыңызды, жеңіске деген ұмтылыс пен ерік-жігерлеріңізді көрсеттіңіздер", — делінген мемлекет басшысының құттықтауында.

Нұрсұлтан Назарбаев атап өткендей, спортшылардың жеңісі қысқы спорт түрлерін одан әрі дамытуға серпін беріп, келер ұрпаққа үлгі болуға тиіс.

"Универсиаданың ұйымдастыру комитетіне жарысты жоғары деңгейде өткізіп, жауапкершілік танытқаны үшін алғыс айтамын. Барлық спортшыларға мықты денсаулық және жаңа белестерді бағындыру жолында табыс тілеймін!", – делінген құттықтауда.

Жаңалықтар
0