Қоғам

Астанада антитеррорлық оқу-жаттығуға байланысты қозғалыс шектелуі мүмкін

© Sputnik / Анатолий УстиненкоПолиция
Полиция - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астанада Ғашықтар күні антитеррорлық жаттығулар өткізіледі

АСТАНА, 13 ақп – Sputnik. Астанада дүйсенбі және сейсенбі күндері, 13-14 ақпанда терроризмге қарсы күрес бойынша арнайы қызметтердің оқу-жаттығулары өткізіледі деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

арнайы қызмет - Sputnik Қазақстан
Оқиға
ҰҚК терроризмге қатысы бар деген күдікпен 15 адамды ұстады

Оқу-жаттығу шараларының мақсаты – террорлық сипатта қауіп төнген сәтте мемлекеттік органдар атқаратын іс-қимылдың алгоритмін өңдеу.

"Жекелеген аумақтарда халық пен көліктік құралдардың қозғалысы шектелуі мүмкін", — делінген хабарламада.

Қала тұрғындары мен қонақтарға сабыр сақтап, өткізілетін оқу-жаттығуларға түсіністікпен қарауға кеңес беріледі. 

Жаңалықтар
0